05 Сәуір 2016
Жануралар әлемі мен құстарға қамқорлық қарым-қатынасты және танымдық көзқарастарын дамыту мақсатында №2 кітапхана-филиалында оқырмандармен бірге 1 сәуір күні «Чарующий мир пернатых» атты тақырыптық талқылау өткізілді.
Балалар құстар туралы, оларды қорғауға және қоршаған ортаға олардың тигізетін пайдасы туралы қысқаша мәлімет беріліп, олардың назарына В.Бианки, Н.Сладков, М.Пришвин, Г.Скребицкий сияқты авторлардың әдебиеттері, сирек кездесетін құстар туралы жазылған Қызыл кітап ұсынылды. Шарада оқырмандар құстар туралы өлеңдер оқып, сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, мақалды жалғастырып, сөзжұмбақтарды шешті. Соңында қанатты достарымыз туралы көрініс көрсетілді.