05 Сәуір 2016
Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. 2 сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай №1 кітапхана-филиалында “Кітап – білім айдынындағы ақ кеме” атты танымдық сағаты өтті. Ісшараға белсенді жас оқырмандарымыз үлес қосты. Қонаққа “Ертегілер”, “Әліппе”, “Ана тілі”, “Қазақ тілі” сияқты оқулықтар келді. «Кітаптың киесі» атты қызықты, әрі мағынасы зор көрініс қойылды. №16 орта мектептің 5 сынып оқушысы Қуанышбекова Айгерім кітап туралы ой-толғанысын ортаға салды. Соңы «Сиқырлы кітаптар» атты мультфильмдер топтамасының тамашалауымен аяқталды.