01 Сәуір 2016
Жыл сайын оқушылардың көктемгі демалыс күндері А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында дәстүрлі Балалар және жасөспірімдер кітабы апталығы өтеді. «Бізде Кітап мерекесі!» айдарымен өткен іс-шара балаларды қызықты байқаулар мен сұрақ–жауап ойындары, театрландырылған қойылымдар, экскурсиялар, әдеби ойындармен қызықтырды. «Саяхаттаушы кітаптар» жобасы аясында №17 мектептен бастау алған апталық ең үздік оқырмандарға "Библиобалақан" Т.Сүндетбай (мектеп жасында) , "Ең оқырман отбасы" Мұқашевтар отбасы (№4 мектеп) және Дамс (№10 мектеп), «Кітап сүйер оқырман» Д.Сыздықова (№2 Абай атындағы мектеп), «Ең жауапты оқырман» А.Тлеулиева (№7 мектеп) номинациялары бойынша дипломдар, ал ең көп әдебиеттер мен мерзімді басылымдар оқыған №4 мектеп оқушысы Оксана Тусуповаға "Алтын формуляр" табысталды. Кітапқұмар және білімді қатысушылар шағын сыйлықтармен марапатталып, тәттілер үйлестірілді.
Балалар кітап апталығы (флэш - галерея)