25 Наурыз 2016
25 наурызда №2 кітапхана-филиалында өткен «Книга начинается с обложки» кітапнамалық сабақта жас оқырмандарымыз кітапты және оқуды сүйіп ұнататыны туралы айтты, өйткені кітап – білімнің басты қайнар көзі.
Кітапханашы балаларды кітаптың негізгі құрамдарымен таныстырды: мұқабасы, негізгі беті, аннотациясы. Әсіресе жастарды әдемі келген әріптері мен иллюстрациялары ұнады. Алған білімдерін бекіту мақсатында балалар сөзжұмбақ шешіп, өз қолдарымен В.Степановтың «Считалочки» кітабына ұқсас кітапша жасады. Соңында барлық қатысушыларға «Кітапты қолдану ережесі» атты ескертпе таратылды.