25 Наурыз 2016
Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кеңелтер осы Ұлы мереке аясында №1 кітапхана-филиалы ұйымдастырған «Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр-аңыз» атты тарихи керуенін өткізді. Ісшараға №15 мектеп-лицейінің “Жас өркен” баспасөз орталығының тілшілері қатысты. Қыдыр атаның батасымен ашылған кеш, әсем әнмен жалғасты. Мұқатай Аманрахим орындауында “Адай”, “Балбырауын” күйлері шертілді. Халқымыздың салт-дәстүрі жайлы әңгіме өрбіп, жыр оқылды. Сондай-ақ қол күресі, арқан тартыс сияқты қазақ халқының ұлттық ойындары дәріптелді. Көрмеге ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жайлы кітаптар қойылды. Кеш соңында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысушылар мен ұтымды жауап берушілер арнайы алғыс хатпен марапатталды.