25 Наурыз 2016
«Наурыз» мейрамы – Ұлыстың ұлы күні. Халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеу, өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру мақсатында, №5 балалар кітапхана-филиалында «Наурыз-думан» атты мерекелік шарасы өткізілді. Кітапхана оқырмандары салт-дәстүрге байланысты ән шырқап, көктем мезгіліне және мерекеге арнап тақпақтар айтты. Қыздар «Қамажай» биін және өзбек биін биледы. Мерекенің соңында балаларға наурыз көже мен тәттілер таратылды. Балалар Наурыз мерекесін «Наурыз» атты өлеңімен аяқтады.