"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

25 Наурыз 2016

«Әжелер – отбасының алтын қазығы»


     Наурыз мейрамына арналған қалалық «Әжелер – отбасының алтын қазығы» атты сайысы М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында 2016 жылдың 21 наурыз күні өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған сайыстың мақсаты – жастардың бойында  қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін  жаңғырту, ұрпақ сабақтастығы аясында   салт-дәстүрді көрсете  отырып «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау. Сайысқа зейнеткер аналар мен қаламыздағы мекемелердің атынан он ақ жаулықты әжелер қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

      Ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, өз отбастарының ұйытқысы болып отырған әжелер байқау шарты бойынша 4 кезеңнен өтті. Алдымен, «Сәлем-сөздің анасы» айдарымен әжелер барша қауымға өздерін таныстырды. «Ата дәстүрі-отбасы дәстүрінде» атты бөлімде әжелер ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсетіп, келесі

      «Шығармашылық сайыс» бөлімінде ән орындау, би билеу, өлең оқудан өнерлерін ортаға салды. Соңғы бөлімде берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айтудан  сайысты.

      Көтеріңкі көңіл-күйде өткен бұл сайыс осылайша өз мәресіне жетіп, қорытындысы шығарылды.

      Байқауға қатысушы әжелердің барлығы жүлделі орынға лайықты деп саналып, түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика