17 Наурыз 2016
17-ші наурыз күні №3 кітапхана-филиалында М.Горький атындағы №1 мектептің 3 сынып оқушылардың қатысуымен «Оқы, парақта – әлемді таны» атты танымдылық экскурсия өткізілді. Оқырмандарға зал жұмыстары көрсетіліп, кітапхана қандай қызмет түрлерін ұсынатыны туралы айтылды. «Маша и медведь», «Отчего и почему», «Том и Джерри», «Мир техники», «Маруся», «Микки Маус», «Мурзилка» және тағы басқа балаларға арналған мерзімді басылымдар мен анықтамалық кітаптар, энциклопедиялар ұсынылды. Сонымен қатар, «Наурыз думан» атты көрмеге шолу жасалынды. Мақсаты: өскелең ұрпаққа қазақ халқының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындыру.