"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

16 Наурыз 2016

«Көктем аруы» қыз сыны


5 наурыз  №5 балалар кітапхана-филиалында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Көктем  аруы» қыз сыны байқауы болып өтті. Байқауда қыздар өз өнерлерімен бiрге қазақ салт-дәстүрлеріне деген бiлiмдерін ортаға салды. Байқау 4 кезеңнен құралды.

Арулар «Сәлем - сөздің анасы» кезеңінде жиналған қауымға өздерін таныстырып,  сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетін көрсетсе, «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде қазылар алқасына өз өнерлерін паш етті. Ал «Білімді мыңды жығар» сайысында ару қыздардың білім деңгейлері бағаланды. Сонымен қатар, арулар алдын-ала берілген үй тапсырмасына жауап беріп, «Қыздарға әсемдік жарасады» кезегінде киім үлгілерін көрсету бойынша сынға түсті.

Қазылар алқасының шешімімен Ж.Қамбар  - «Ақылды ару», А.Болатбек - «Білімді ару»,  А.Нұржанова  - «Өнерлі ару», А.Абланова  - «Инабатты ару», К.Әбдіғалық  -  «Бұрымды ару»  номинациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен  мақтау қағаздары  табысталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика