16 Наурыз 2016
15 наурызда А.Гайдар атындағы Орталық балалар кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған виртуалды этнографиялық саяхат ұйымдастырылды. Кітапханашылар мерекелік шараға қатысқан оқушыларды Наурыз мерекесінің шығу тарихымен таныстырып, ерекшеліктеріне тоқталды. Ұйымдастырушылардың дайындаған көптеген қызықты сайыстарында балалар белсенділік пен қызығушылық танытып, мерекеге арналған жұмбақтар жасырумен қоса, өлең-жырлар оқуда білгірлік көрсетті.