11 Наурыз 2016
Биыл ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының жыл кітабы ретінде жаппай оқуға Д.Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы таңдап алынды.
Осы акция аясында наурыз айының 11-і күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада оқырмандар мен колледж студенттеріне арналған алғашқы ісшара ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты қазақ әдебиетін насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту.
Кітапхана қызметкерлері оқырмандар мен студенттерді Дулат Бабатайұлының өмірімен таныстырып, «Өсиетнама» кітабынан жырлары мен өлеңдерін оқыды.