10 Наурыз 2016
Көктем мезгілінің ең көркем мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай №1 кітапхана-филиалы белсенді оқырман-ардагерлерімен кездесу өткізді. Олар өздерінің сұлулықтарының, ұзақ ғұмырларының құпияларымен бөлісті. Әсерлі де, қызықты әңгіме барысында кітапхана қонақтары өздеріне жаңа, пайдалы, қызықты ақпараттар тапты. Әрбір қатысушыға кітапхана қызметкерлері дайындаған музыкалық құттықтаулар, әндер мен өлеңдер сыйлады. Кездесуді "Көрікті, сүйікті» атты викторинамен тәмамдады