"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Наурыз 2016

«Ал, қанеки қыздар!» сайысы


Көктем – әдемілік пен көркеюдің кезеңі. Осы шуақты күндерде аналар, қыздар мерекесі қарсаңында №3 кітапхана-филиалында «Ал, қанеки қыздар!» сайысы өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.  Сайыс 3 кезеңнен өтті. «Тіл өнері» деп аталатын кезеңде әр қызға 1 минут ішінде 10 сұрақтан қойылды. Бұл сайыста №7 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары өздерінің білімділіктерін танытты.

«Кім жылдам»  турында берілген мақалдың жалғасын тауып, ырым, салт-дәстүрлердің мағынасын ашып, жылдамдығымен тәнті етті.

«Бәйге» турында 10 сұрақ беріліп, әр қатысушыға 3 минуттан берілді. Қыздар өз білгірліктерін көрсетті. Сайыс кезеңдерінен өткен қыздарымыз соңында сыйлықтармен марапатталды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика