05 Наурыз 2016
Жаймашуақ көктемнің 4 наурызы күні №2 кітапхана – филиалы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап, «Ал, қане қыздар!» атты сайысын ұйымдастырды. Жан-жақты шығармашылық қабілеттері мен тапқырлықтарын көрсететін сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші «Сәлеметсіздерме, бұл мен!» кезеңінде қатысушыларға өзіндік тәсілмен командасын таныстыруды өлең арқылы жеткізуге, "Өнерлінің қолындағы ине "кезеңінде қатысушыларға өздерінің ошақ иесі екенін, үшінші кезеңде аспаздық қабілеттерін көрсетіп, ұсынылған өнімдерден дәмді салат жасау тапсырылды. «Ең үздік шаш үлгісі» сайысында жас шаштаразшылар әдемі шаш үлгісін жасап, оған ерекше ат қою, "Үнемшіл иесі" сайыс кезеңінде картопты үнемдеп ашу, қорытындысында музыкалық «Таңғы жұлдыз» сайыстарынан бақтарын сынады. Байқаудың барлық қатысушылары жеңіске әбден лайықты, өйткені олар өздерінің көркемдік қабілеттерін көрсете білді және де өз өнерлерімен қазылар алқасын таңқалдыра алды. Ісшара соңында номинациялар бойынша дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.