05 Наурыз 2016
Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осы мерекеге орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында қағазды бүктеу тәсілдері арқылы (квиллинг) «Сүйікті анама» атты эксклюзивты мастер-класс өтті. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің суретшісі Ғ.Махметова балаларды гүл композицияларының түрлерімен, жасау әдістерімен таныстырып, аналар мерекесіне гүл шоқтарын жасауды үйретті.