"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

03 Наурыз 2016

«Халқы үшін туған нар тұлға» ісшара


Қазақстан тарихында өшпестей із қалдырған ірі тұлғалардың бірі, әрі бірегейі Әлихан Бөкейханов. Биылғы жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуде. Осы орайда С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасында  жылдар өтсе де аты мәңгілікке сақталып келе жатқан қайраткердің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған  «Халқы үшін туған нар тұлға» атты  ісшара өтті.   Қонақ ретінде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Ж.Башар, ҚР ардагерлер Орталық Кеңесінің төрағасы  С.Кәукербеков, осы кеңестің мүшесі Б.Төлеуов, тарихшы Д.Қожақов, Ә.Бөкейханның ұрпағы, №2 Абай атындағы  лицейдің химия пәнінің мұғалімі Р.Мұхамедиева қатысып, өз ойларын ортаға салды.  «Алаштың Әлиханы» атты фильм көрсетілді.             

Бұл кездесудің негізгі мақсаты Елбасының "Мәңгілік Ел" идеясында  аталып көрсетілгендей, жастар арасындағы патриоттық сезімді дамыту болып табылады.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика