"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Ақпан 2016

«Күй атасы - Құрманғазы» музыкалық сағаты


Ұлы күйші Құрманғазы шығармаларын дәріптеу, өнер арқылы  шығармашылық ойларын дамыту мақсатында №2 кітапхана-филиалында «Күй атасы Құрманғазы» атты  музыкалық сағаты өткізілді. Ісшараға қатысқан №16 орта мектептің 5 сынып оқушылары назарына күй өнері және күйші туралы ақпарат ұсынылды. Сырласу ұлы күйшінің «Балбырауын», «Адай», «Алатау» күйлерімен қосылып тыңдалды. Ал кітапхананың жас оқырмандары Ділдаш Шырын, Мәден Ербұлан, Жаппархан  Әлішер Құрманғазының «Сарыарқа» күйін күмбірлете шертті.

Ұлы домбырашының күйлері халқының терең ой-қиялдарына, тәуелсіздік пен бостандыққа, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке толы. Құрманғазының аты ұлттық мәдени алтын қорына енген. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика