25 Ақпан 2016
Өскелең ұрпақты халықтың рухани мұрасына тарту, қазақ ақын-жазушыларымыздың шығармашылығын насихаттау, қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасында «Кәусар» әдеби жастар ұйымының ұйымдастыруымен 2016 жылы 24 ақпан күні «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты поэзия сағаты өтті.
Кеш барысында «Кәусар» жастар ұйымының мүшелері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетіп, өлеңдерін, ақынға шығарған арнауларын нақышына келтіріп оқып, жыркұмар қауымға өзгеше әсер, өзіндік ләззат шуағын сыйлады. Ісшараға әдебиет сүйер оқырман қауым, жұртшылық жиналып, қуанышты сезіммен тарқасты.