22 Ақпан 2016
19 ақпан күні А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында балаларды кітап оқуға тарту, жаңалықтар ашуға талпыныс беру мақсатында «Білім баспалдағы» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Бұл көрменің сәні әр сатысына кітаптар қойылған баспалдақ болды.
Көркем де, әсем көрінетін ерекше кітап көрмесі М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернат балаларының кітаптарды үйге алып оқуына қызығушылықтарын тудырды.