18 Ақпан 2016
2016 жылдың 9-16 ақпан күндері аралығында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасында «Кітаптарды сыйға тарту күні» акциясы өтті. Әр оқырман өзінің оқыған кітабын алып келіп, оны басқа кітапқа ауыстыруына болатын шара. Бұл күндері кітапханамызға 220 оқырман келіп, сыйланған кітаптар саны 650 дана болды. 550 кітап өздерінің жаңа оқырмандарын тапты.
Бұл шарада жас бүлдіршіндерді көру біз үшін өте қуанышты! Жастайынан көп оқыған баланың ой-өрісі дамып, кітап таңдаудағы талғамдары қалыптасады. Сырттан қарағанда бұл көрініс өте әсерлі көрінді. Балалар өз араларында оқыған әдебиеттерді талқылап, бір-бірлеріне кітаптар ұсынды. Балаларын оқуға үйреткен ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Бұл акцияда оқырмандар тек кітаптар әкеліп қана қоймай, сонымен қатар өздеріне ұнаған кітаптарын алуға мүмкіндік алды. Міне бұл ісшарамыздың басты мақсаты болып табылып, тиімділігі мен маңыздылығын көрсетті.