"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Ақпан 2016

«Жаңа экономикалық саясат – еліміздің дамудың драйвері» талқылау


Жаңа экономикалық саясат - еліміздің ірі аймақтардың бірегей инфрақұрылымдық реформаларын жүзеге асырылуына, дағдарысқа қарсы  шаралар арқылы экономика салаларының жетілдіруіне, халықтың әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуға бағытталғаны туралы Елбасымыз «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасында айтқан болатын. 14 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Жаңа экономикалық саясат – еліміздің дамудың драйвері» атты талқылау өткізілді. Кездесуге «Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталығы КММ», «Балқаш қаласының жастар ресурс орталығы» КММ мамандары, кіші бизнес кәсіпкерлері, қаланың оқу орындарының студенттері мен ұстаздары, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың «Кәусар» жастар клубы, БАҚ өкілдері шақырылды.

Жұмысқа орналасу, кіші және орта бизнесті дамыту сияқты сұрақтар талқылауға түсті. Пікір-таласқа қатысқан студенттер және «Кәусар» жастар клубы мүшелерінің  оқу орындарды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу, экономика саласына мамандарды дайындау, өз кәсіпкерлікті ашу сұрақтары бойынша  пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Ісшара қатысушылары  жаңа экономикалық саясат барлық салалардың индустриялдық дамуына, осы салаларда кадрлардың дайындалуына ықпалын тигізетіні туралы ортақ ойға келді. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика