11 Ақпан 2016
2016 жылдың ақпан айының 9 жұлдызында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Кітаптарды сыйға тарту күні» акциясы өз бастауын алып, осы жылдың ақпан айының 16-на дейін өз жалғасын таппақ. Оқырмандар мен қала тұрғындарына түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылмақ: классика, детектив, фантастикалық, ертегілер және т.б.
Бұл күндері тек өзіңізге ұнаған кітапты алмай, сонымен қатар өзіңіздің жақсы кітаптарыңызбен бөлісуіңізге болады.
Кітаптар көп оқу үшін шығарылады, сондықтан кітаптарыңызды сөрелерде шаң бастырып қоймаңыз.
Сонымен, егер Сізде қызықты кітаптар болса, басқа адамға оқуға беріңіз. Көркем әлеміне жаңадан адамдар тарту үшін, кітаптарға еркіндік беріңіз. Басқа адамдарға қуаныш сыйлаңыз! Сонда Сіздің өміріңіз де жақсылыққа толып, берекелі болады.