10 Ақпан 2016
Поэзия құдіреті – адамның рухын биіктетіп, адамның жан дүниесін күнделікті күйкі тірліктің шаң-тозаңынан аршып алуға көмектеседі десек, бұл тұрғыда Мұқағали ағамыздың әрбір өлеңі әрбір оқырманның жүрегіне жол тауып, оқырманын ойландырады. Рухани дүниесіне жарық түсіріп, ізгілік себеді, тазартады. Соған орай, 9 ақпан күні №3 кітапхана-филиалы М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби сағатын ұйымдастырды.
Әдеби сағатта оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сөзіне жазылған әндермен астасты. Өлең әлемінде өз қолтаңбасын қалдырған Мұқағали мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын, өлмейтін, өшпейтін мәңгілік мұра болып қала бермек.