24 Қараша 2015
«Сөз қадірі - өз қадірін, ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат, батыр, жазушы, Бауыржан Момышұлының шығармашылығына жыл сайын қайта ораламыз.
Аты аңызға айналған жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Легендарный батыр, воин, писатель» атты ерлік сабағында кітапханашы оқушыларға батырдың ерліктері, өмір жолдары жайында әңгімелеп берді. Оның өмірінің жарты бөлігі Мәскеу түбіндегі шайқаста өткен. Ол даңқы асқан батальон командирі болған. Аңызға айналған панфиловшы Мәскеу түбіндегі шайқастарда өз ерлігімен көзге түскен. Соғыста басынан кешкен оқиғаларды өзінің «За нами Москва», «Дневник офицера», «Наш генерал» атты кітаптарында жазған. Бауыржан Момышұлының аты ел есінде мәңгі сақталады.