13 Қараша 2015
Батыр, талантты ақын, ауыз әдебиетін зерттеуші Мәлік Ғабдулиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Мәлік Ғабдуллин - қазақтың жарық жұлдызы» атты естелік сағат «Сырлас» кітапханасында 13 қараша күні өткізілді. Естелік аясында Мәлік 25 жасынд-ақ қазақтың шығармашылық зиялы қайраткерлерінің қатарына қосылып, Бейімбет Майлиннің өзі баспа ісіне тартып, Сәбит Мұқанов жанашыр, қамқоршы, рухани әке болғаны туралы айтылды. Ұлы Отан соғысы жылдары М.Ғабдуллин генерал И.В.Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясында зеңбірек батареясының комиссары болып тағайындалған. Ол жауынгерлердің жаңа тұрпаттағы тәрбиешісі және командирі болып қалыптасады. Жауынгерлермен өз ана тілінде сөйлесіп, саяси тәрбие жұмысында ұтымды, нақыл сөздерді пайдаланды. Мәлік туралы Б.Полевой эпикалық, яғни «Халық батыры» деп сипаттаса, Қаныш Сәтбаев «Қазақ халқының мақтанышы» деп атаған. Осы және тағы басқа өмірінен және шығармашылығынан деректер айтылып, оқушылар шығармалардан үзінді оқыды.