13 Қараша 2015
Болашақтың тұтқасын берік ұстап, ел байрағын биік көтерер жастардың салауатты өмір салтын құрып, зиянды әрекеттерге құрық салуы бүгінгі күннің басты назарында десек артық айтпаймыз.
Назарда тұрған мәселе төңірегінде біздің қаламызда да атқарылып жатқан істер аз емес. «Жастар нашақорлыққа қарсы» тақырыбындағы пікір-талас С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада 2015 жылдың 13 қараша күні өткізілді.
Мақсатымыз - есірткі және сол сияқты зиянды заттардың қасіреті жайлы жиналған жастар санасына түсінік беру. Адамның құқығы бойынша өзекті мәселелерді тиімді жолдармен талқылау негізінде, жастардың позициялық белсенділігін дамыту міндеттерін жүзеге асыру мақсатында, жастар арасында сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Облыстық наркология диспансерінің жасөспірімдер нарколог-дәрігері Р.Момынова, «Балқаш қалалық конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ бас маманы Н.Кокобаев, ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкері Д.Кабдыгалиев жастарымыздың әр түрлі жаман қылықтарға әуес болмауын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанып, есірткінің денсаулыққа зиян екеніне түсінік беріп өтті.
Ісшараға колледж студенттері көрермен ретінде қатысып, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Нашақорлық жайлы видео-слайд көрсетіліп, соңында кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.