30 Қазан 2015
Биылғы 2015 жыл еліміз елеулі мерейтойларға бай. Соның ішінде сөз зергері, алмас тілді, балқаштық ақын-композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ақынның мерейтойы облыс көлемінде аталып өтілуде. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша бірнеше ісшаралар ұйымдастырылды. Осы ісшаралардың қорытындысы ретінде №4 кітапхана-филиалында «Шашекемдей саңқылдап» атты мектепаралық сайыс өткізілді. Сайыс үш кезеңнен тұрып: 1 кезең - таныстыру, 2 кезең - «Өнерлінің өрісі кең», 3 кезең «сұрақ-жауап», қатысушылар осы кезеңдер бойынша бақтарын сынасты. №8 ЖББ орта мектептің «Шашубай мен Болман ақынның айтысы», №15 мектеп-лицей оқушыларының ақынның Д.Қонаевпен кездескені туралы театрландырылған көріністері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Кітапханашы «Жезтаңдай мен қазақтың Шашубайы» атты кітап көрмесіне шолу жасап, ақынның өмір жолынан қызықты мәліметтерді әңгімелеп берді. Сайысты бағалаған әділқазылар алқасы №7 мектеп-гимназиясына «Нұрлы сөз», №15 мектеп-лицей оқушылары «Талаптары таудай» және №8 ЖББ тобы «Өнерпаз» номинациялары бойынша қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, жергілікті ақын-жазушы, шашубайтанушы Ж.Башар «Шандоз» кітабын сыйға тартты.