23 Қазан 2015
Сахараны сахнаға айналдырған сан қырлы талант иесі, қайталанбас тұлға, «Саңылақ деп үкілеген ел шынайы, - деп, дүбірлеп өткен Шашубай Қошқарбайұлының 150 жылдық мерей тойына ұйымдастырылған «Ақ қайың жалған-ай кештім сайран-ай» атты әдеби-музыкалық сағаты 2015 жылдың 22 қазан айында С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтті.
Шараның мақсаты: Өлкемізге танымал жыршы Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығымен танысып, жырларын, айтыс өнерін жас ұрпаққа насихаттап, еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ісшара барысында Қожамбаев Ғибраттың орындауында Шашубай жырларының озық жемісі «Ақ қайың» әні шырқалса, Айдана Талғатқызы Біржансалдың әнін тамылжыта шырқады.
«Кәусар» жастар ұйымының жас ақындары Болат Елдос, Серғазы Жанерке, кітапханашы Сақтағанова Несіпелі қаламыздың қаламгерлерінің Шашубай Қошқарбайұлына арналған өлеңдері оқылып, слайд көрсетілді. Библиограф Ыбышева Ләйлә «Жезтаңдай мен қазақтың Шашубайы» атты кітап көрмесін таныстырды.