09 Шілде 2015
№2 кітапхана-филиалында жыл сайын экскурсия өткізу дәстүрге айналды. 9 шілде күні №17 орта мектептің 6-10 жас аралығындағы «Солнышко» лагерінің демалушыларына кезекті экскурсия өткізілді. Кітапхананың табалдырығын енді аттаған балалар, кітапхананың тарихымен, бөлімдерімен, «Лето с книгой», «Мир вокруг нас», «Природа глазами детей» атты жануарлар әлеміне, құстарға, тірі табиғатқа арналған кітап көрмелерімен танысты. Балалар көрмеге шолу барысын ерекше ынтамен тындады, оларды өте сирек кездесетін жануарлар қатты қызықтырды. Ерекше көңіл күймен балалар «Подумай, отгадай ребус» атты сайысына қатысып, белсенді қатысушылар жануарлар бейнеленген постерлермен марапатталды. Экскурсия соңында балалар «Ледниковый период» мультфильмін тамашалады.