09 Шілде 2015
6 шілде мемлекеттік мереке – Астана күніне орай «Тәуелсіздік» алаңында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен ойын-викторина өтті.
Әруақ қонған жас, қала, Алға баста, Астана! - деп Кәкімбек Салықов ақын ағамыз жырлағандай, Астана қаласының қазақтың жүрегімен тілдесіп, арман-үмітімен үндескен, Елбасы кіндігін кескен Елорданың сағым қуған Сарыарқаның төсіне қонақтағанына - 17 жыл! Он жеті жыл - жеке адам өмірі үшін де аса көп мерзім емес. Ал бір қаланың тарихы үшін оны тіпті қасқағым сәт десе де болады. Бірақ тап осы жылдардың ішінде бұрын еліміздің елеусіз көп облыс орталықтарының бірі болып келген Ақмола қаласы таңғажайып қарқынмен түлеп, аты әлемге танылып, Еуразия кеңістігінің жаңа үлгіде салынған әсем шаһарларының біріне айналып үлгерді. Викторина барысында халқымыздың тарихы, салт дәстүрі, Астана қаласы туралы сұрақтарға жауап берген белсенді қатысушыларға сыйлықтар тапсырылды.