07 Шілде 2015
4 шілде №5 балалар кітапхана-филиалында Елбасымыз Н.Назарбаевтың 75жасқа толу мерейтойына және Астана күніне арналған „Біздің Президентіміз және арман қала –жаңа Астана“ атты 7-9 сынып оқушылар арасында интеллектуалдық ойын өткізілді.
Бұл мерекелік ісшарамызға қатысқан балалар интеллектуалдық викторина, тарихи күнтізбелер, сөз құрастыру, мақал-мәтелдер сияқты 4 бөлімнен құралған сайыс арқылы сынға түсті. Әр бөлімнің сұрақтары 10, 20, 30, 40 ұпай санымен белгіленді. Барлық бөлімнің қорытындысы бойынша 120 ұпай жинаған 7 сынып оқушысы Нұржанова Айзат жеңіске жетті.
Ойынға қатысқан барлық балалар мақтау қағазымен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Кеш соңынан „Болашаққа жол тартқан Қазақстан“ атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
(Қатысқандар №7 орта мектеп)