07 Шілде 2015
20 маусым мен 7 шілде аралығында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №3 кітапхана-филиалында «Тебе, моя Астана, посвящаю» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме бірнеше бөлімнен тұрды.
Көрменің «Я сам расскажу о времени и о себе..» бөлімінде еліміздің тәуелсіздігімізді алғаннан кейін 25 жылдың ішінде болған елеулі істері мен жетістіктері, жаңа Қазақстан тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған игі істері туралы кітаптар қойылды.
Астана - тәуелсіздік символы. Мемлекеттің ақордасы туралы кітаптар көрменің «Еуразия жүрегі» бөлімінде қойылды.
Кітап көрмесінің тұсаукесері 3 шілде күні өтті. Онда филиал меңгерушісі Н.И.Язикова астананың туған тарихымен, Астанадағы Бәйтерек, Хан Шатыр, Думан секілді ең көрікті жерлерімен оқырмандарды таныстырды. Астана туралы өлеңдер оқылды.
Шолу барысында кітап көрмесінің мазмұны ашылды.