07 Шілде 2015
Қазақстанда 6 шілде мемлекеттік мереке – Астана күні тойланады. Бұл тарихи-мәдени маңызы бар мереке және Қазақстан Республикасының жетістіктерінің символы болып табылады. Осы мейрам аясында С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Ару қалам, Астана!» атты мерекелік кеш болып өтті. Бұл ісшара сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай ұйымдастырылды.
2015 жылы Астана күнін мерекелеу «Астана бейбітшілік пен келісім қаласы!» ұранымен өтті. Осыған орай, мерекелік кешке қаланың неміс орталығы «Возрождение» және славян орталығы «Согласие» шақырылды. Этно-мәдени орталықтардың белорусь көріністері, өзбек биін мың бұрала билеген жас бишілер, немістердің орындауындағы әндер және тағы басқа шығармашылықтары көрсетіліп, көрермендердің көңілін көтерді. Бұл мерекелік калейдоскоп – этно-мәдени орталықтардың достық-шығармашылық маусымының жалғасы екенін көрсетті.