03 Шілде 2015
27 маусым айында №1 кітапхана-филиалында ағайынды Гриммдердің туғанына 230 жыл толуына байланысты «Ағайынды Гриммдер ертегілерін оқимыз!» атты әдеби викторина болып өтті.
Викториналық сағат көптеген ертегілерде айтылатын «жили – были ..», «более двухсот лет назад жили были муж и жена, а с ними жили их дети – братья Гримм» сөздермен басталды. 1-4 сынып оқушылары ағайынды керемет ертегілер жинаған және жазған екі ертегішінің өмір жолдарымен таныс болды. Жүргізуші әңгімесі әр-түрлі, қызықты слайдтармен жалғасты. Балалар қызықты көңіл күймен викториналық сұрақтарға жауап берді. Ағайынды Гриммдер ертегілерінің ең белсенді оқырмандары болып Олейников Максим мен Янцева Даша атанды.