"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

03 Шілде 2015

«Ең, ең, ең....кітап» біздің кітапханада


Осындай атпен Орталық қалалық балалар кітапханасында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі әрекеттің өрістеуі кітапханадағы кітаптар бірегейлігін көрсетіп, кітап қорының байлығы мен алуандылығын танытады.

Әлемдегі ең үлкен кітап 2004 жылы Мәскеу елінде жарық көрген биіктігі 6 метр, ені 3 метр, салмағы 492 килограмм «Балаларға арналған әлемдегі ең үлкен кітап» атымен жарық көрген.  Бұған дейін 1976 жылы басып шығарылған  салмағы 252,6 килограмм, биіктігі  қарапайым үйдің төбесіндей 2,74 – 3,07 метр болған «Суперкнига» әлемдегі ең үлкен кітап болып  танылған. Кітап 300 бетті құраған.   Ал, қазіргі кезде әлемдегі ең кішкентай кітап, нанотехнология көмегімен жасалынған 0,07 мм-0,1 мм көлемді,  150 тиражды  кітап болып табылады. Бұл кітаптың кішкентай болу себебінен микроскопсыз оқу мүмкін емес. (источник:http://hontos.ru)     

Біздің кітапхана қорында да  үлкен және де кішкентай кітаптар бар. Әрине, олардың көлемдері басқаша, бірақ оларды қарап, парақтаудың өзі қызықты. Сол себептен біз кітапхана оқырмандарына  «Ең, ең, ең....кітап»  атты кітап көрмесін ұйымдастырдық.  Бұл көрмеде «өте құнды» (ҚР Конституциясы), «өте парасатты» Абайдың қара сөздері, ең бірегейі - Асыл Мұра (афоризмдер алтын жинағынан), «өте әйгілі», «өте шытырман», «өте үлкен» ( 45х37 см), «өте кішкентай» (7х5,5 см), «сұраныста өте көп болған» т.с.с.  әр оқырманның жүрегіне жол табатын 20 номинация бойынша кітаптар қойылған.

Құрметті оқырман! Сезіміңізге әсер беретін   «ең, ең, ең....» кітапты біздің кітапханадан табасыз!

 

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика