16 Маусым 2015
Дат патшалығының данышпан ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туылғанына 210 жыл толуына байланысты 13 маусым күні №1 кітапхана-филиалында «Сыйқырлы әлемде» атты ертегі калейдоскоп болып өтті. Мақсаты: жазушының қызықты өмір жолдарымен таныстыру, оқуға, оның әдеби мұрасына деген ынталарын арттыру. Балалар Андерсеннің ертегілеріне саяхат жасады, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді, анаграммалар шешті, ертегідегі кейіпкерлердің заттарын, үзінділердің қандай ертегіден алынғаны туралы тапты. Ертегілердің білгірі болып бірінші орынды Янцен Дарья иеленді, екінші орынды Щипанова Айзере алса, үшінші орын Рахымжанова Айнашқа бұйырды. Кеш барысында слайд көрсетілді. Балаларға арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды.