10 Маусым 2015
Жыл сайын балалардың жазғы демалысында Орталық қалалық балалар кітапханасы қызметкерлері артық білімнің кітапта екенін түрлі кызықты дүниелерімен әр уақытта оқырмандарына дәлелдеп өзіне баулып келеді. Кітапханадан оқырман өзіне керекті және қызықты дерек көздермен танысып отырады. Онда өткізілген ойын, сайыс, саяхаттар балалар психологиясы мен өсу деңгейіне көп септігін тигізеуімен қатар тапсырылған сыйлықтар оқырманның ынтасын қашан да жоғарылатады. Оқу залында олар кітаптар мен журналдар оқып қана қоймай, сонымен қатар мультфилімді көруге, достарымен үстел үстіндегі қызықты ойындар ойнауға мүмкіншілік алады.
Жаздық оқулар ашылғаннан бастап №№1, 4, 5 орта мектеп жанындағы лагерлерде демалысын өткізіп жатқан балалар, сонымен қатар №4 интернат тәрбиеленушілері келді. Кітапханашы З.Узалина жас оқырмандарды кітапхана тарихымен, әр сала бойынша ұйымдастырған кітап көрмелерімен таныстырып, кітапхана ережелеріне тоқталды. Әйгілі ертегілерге электронды викторина жүргізді, «Репка» атты орыс халық ертегісіне сюжеттік рөлдерді сомдауға шақырды.
Экскурсия соңында жасырылған жұмбақтар, ойындар балалардың тапқырлықтары мен ептіліктерін көрсетті. Адал досың - кітаппен өткен жазғы демалыс ұмытылмайтын қызықты күндерге айналарына жас жеткіншектің еш күмәні болмас.