10 Маусым 2015
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №2 кітапхана-филиалында 9 маусымда «Табиғатты қорғау» атты экологиялық кеш өтті. Мақсаты: табиғатқа, туған өлкесіне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікте тәрбиелеу, табиғатқа қомқор бола білуге іскерліктерін дамыту. Кітапханашы аталмыш кешті «табиғат әлемі адамзат жарық өмірге келісімен оның жан дүниесімен бірге жаралып, жаратылысымен қайран қалдырған. Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі» деген сөздермен бастады. Ісшарада балалар шағын көрініс көрсетіп, 5 кезеннен өтті. Әр кезенде жарысып, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақ, сөз жұмбақтарды шешіп, пантомима көрсетті. Кеш соңында белсенді оқушылар қатысқандары үшін естелік сыйлықтармен марапатталды.