05 Маусым 2015
№5 балалар кітапхана-филиалында 4 маусым күні №25 мектептің жазғы демалыс лагерінің балалары «Білім кемесімен жазғы демалысқа» атты кітапханаға саяхат жасады. Саяхат кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арнап жасалған «Рәміздер – ел беделі» тақырыбында қойылған тақырыптық бұрышқа шолу жасалуынан басталды. Кітапханашы балаларға викториналық сұрақтар қойып, жұмбақтар жасырды. Викториналық сұрақтар арқылы балалар Қазақстан Республикасының рәміздерінің тарихын біліп, авторларымен танысты. Ісшара соңынан балалармен қызықты ойындар ойнатылды.