"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Маусым 2015

«Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан мақтанышы»


2015 жылдың 4 маусым күні №3 кітапхана-филиалында «Государственные  символы - гордость  Казахстана» атты ісшара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты: Отанды сүюге, туған тілді, өз халқын қадірлеуге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еңбекке, оқуға, белсенділікке ынтасын тәрбиелеу болды. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен  еңселі, Әнұранымен айбатты. Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы - өз Туы, Елтаңбасы, Әнұранынан  басталады. Бұл олардың Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады. Оқырмандарға рәміздеріміздің авторлары, жасалу тарихы жайында ақпараттар берілді. Еліміздің әрбір азаматы рәміздерімізді сақтауға, қадірлеуге міндетті екендігі, олай болмаған жағдайда еліміздің заңдары бойынша жауапкершілікке тартылатындығы айтылды. Соңынан сұрақтар қойылып, оқушылар сұрақтарға жауап берді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика