05 Маусым 2015
Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу, қастерлеу, өскелең ұрпаққа насихаттау, патриоттық рух беру мақсатында 2015 жылдың 4 маусым күні мемлекеттік рәміздер күніне орай №2 кітапхана-филиалында «Менің әнұраным, менің туым, менің Қазақстаным» атты сұхбат өткізілді. Мерекелік шараға әртүрлі жастағы оқырмандар қатысты. Олар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін кеңінен көрсетті. Кеш соңында көрмеге шолу жасалынды.