24 Сәуір 2015
Балаларға ертегіні оқудың әсемдігін, кітапты сүюді, әдебиеттің арқасында «ақылдылыққа, ізгілікке, мәңгілікке» үйрету мақсатында 22 сәуір күні №2 кітапхана-филиалында «А.С.Пушкиннің ертегілеріне саяхат» атты ертегі сағаты өтті. Ісшара қатысушылары ертегі кейіпкерлерімен бірге «Салтан патша туралы ертегі», оның қаһарман, батыр ұлы Гвидон Салтанович және сұлу ханшайымы Аққу туралы қызықты ертегісіне сапар шекті, кедергілерден өтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Викториналық сұрақтарға қызығушылықтарын ояту үшін балаларға әдеби сергіту ойындары өткізілді. Олар ертегідегі артық кейіпкерді тауып, қай ертегі қандай сөзбен бітетіндігін тауып, сұрақтарға дұрыс жауап айтуы тиіс еді. Өткізілген ісшара барысында балалардың А.Пушкинді сүйіп оқитындығы көрінді.