21 Сәуір 2015
Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, ҚР Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған аймақтық ақындардың әдеби-мерекелік кеші 2015 жылдың 18 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасында өткізілді.
Бұл шараның мақсаты: қазіргі ақын-жазушыларымыздың шығармаларын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау.
Бұл шараға Астана мен Қарағанды қалаларынан келген жас буын ақындары, жергілікті ақын-жазушылары, әншілер мен бишілері, сонымен қатар қаламызға жаңадан келген қобызшы Арай Есімова өз өнерлерін ортаға салды.
Жаңадан ашылған «Кәусар» клубының жас ақындары да белсене қатысып, өздерінің шығармалары тыңдалды.
Көрермен ретінде қаламыздың студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, кешімізден тамаша әсер алып қайтты.