16 Сәуір 2015
Балалардың табиғат туралы ой-өрісін кеңейту, орман әлемі мен оның байлықтарымен таныстыру, экология және табиғат жайында кітаптарды дәріптеу мақсатында 14 сәуірде №2 кітапхана-филиалында «Сіздер білесіздер ма?» атты экологиялық викторина өткізілді. Ойын Қызыл кітап не екені туралы және табиғатты қалай қорғау керек диалогынан басталды. Викторинада Н.Сладков, В.Бианка, М.Пришвин, Р.Киплинг авторлардың әңгімелері мен ертегілерінен сұрақтар құрылған болатын. Балалар табиғат және орман тұрғындары жайында жұмбақтар мен ребустарды шешті. «Экологическая паутина» кроссвордтың сөздерін тауып отырып, оқушылар біздің өңірдің жануарлар мен өсімдік әлемі туралы білімдерін ортаға салды. Ойын қатысушылары жер және теңіз жануарлар пазл суретін қуанышты көңілмен құрастырған. Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, балалар өсімдік және жануарлар әлемінің алуан түрлі және қызықты екенін білді.