09 Сәуір 2015
Бүлдіршіндердің көктемгі шуақты демалысында дәстүрлі түрде өтетін Балалар мен жасөспір кітабының апталығына орай А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері аптаның әр күніне бірнеше іс-шара ұйымдастырды. Биылғы мереке өте қызықты әрі ерекше көңіл күймен өтті, бұл күндері кішкентай оқырмандарды көптеген қызықтар: викориналық тапсырмалар, байқаулар, жұмбақтар, ертегі кейіпкерлері, ең бастысы кітаппен кездесу күтіп тұрды.
Апталықтың әр күні балалар әдебиетінің жанрларына арналды: ертегілі Сенбі, шытырман оқиғалы Сәрсенбі, жұмбақ Бейсенбі, журналды Жұма, көңілді Жексенбі. Қызықты кездесуіміз әрі қарай ертегіші Бақыт әже сиқырлы сандықшасына салып ала келген жақсылық жамандықты жеңетін, күшті әлсізді қорғайтын ертегілерін айтумен жалғасын тапты. Бүлдіршіндерге ертегі кейіпкерлері бейнесіне енген кітапханашылар «Шалқан» орыс халық ертегісі бойынша балаларға театрландырылған көрініс ұсынып, ертегілер әлеміне жетеледі; иновациялық жаңа технологиялармен жасалынған қазақтың киіз үйінің көшірмесінің тұсаукесерін өткізді. Оқу залында «Шытырман оқиғалы шабадан», «Кітаптар қиялының жәрмеңкесі» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Кітаптың жұмбақ әрі еліктіргіш әлеміне тап болған балалар өз білімдерін, біліктіліктерін, тапқыштықтарын викориналық тапсырмаларда көрсетті, олардың зор еңбектері үшін кітапхана қызметкерлері тәттілер үйлестірді.
Кітап апталығы балаларға жаңа білім, сонымен қатар жақсы көңіл-күй сыйлады.