07 Сәуір 2015
Республикалық «Жас Өркен» серіктестігі 2014 жылдың ақпан айын «Үш бәйтерек» жылы деп атап, бәйге жариялаған еді. «Үш бәйтерек» - ол қазақ балалар әдебиетінің классик ақын аталары: М.Әлімбаев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев. 3 сәуір күні №4 кітапхана-филиалында осы авторлардың шығармашылығын ақпараттап, өлеңдері айтылып, кітап көрмелері, ойындар, викториналар мен слайдтар көрсетілді. Техника тілін жетік меңгерген кітапханашы, майталман маман Жанар Алиева дайындаған 6 түрлі жұмыс бәйгеге тапсырылған болатын. Сонымен қоса жылжымалы кітапханалар «Жұлдыз», «Балдырған» бала бақшаларының жас бүлдіршін оқырмандары, №15 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрасыл Камшаттың қатысуымен аудио-видео материалдары дайындалды. Осы жіберілген 6 материал 6 турдан өтіп, бәйгегеден 1-орын алды. «Балдырған» бала бақшасының меңгерушісі Сүйгенбаева Зауреш Сүйгенбайқызына, бала тәрбиесіндегі белсенді еңбектері үшін тәрбиешілерге, сонымен қатар балаларға да алғыс хаттар тапсырылды.


