03 Сәуір 2015
2 сәуір Халықаралық балаларға арналған кітап күні. 1967 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай халықаралық кітап күні аталып өтілуде. Осыған орай №3 кітапхана-филиалында «Радуга творчества» атты шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқырмандарды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Шара барысында оқушылар кітапқа байланысты театрландырылған қойылымдар қойып, кітап жайлы мақал-мәтелдер айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
