03 Сәуір 2015
2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Осы мерейлі мерекелердің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Осыған орай 28 наурызда №3 кітапхана-филиалында «За датами имена, за именами история» портрет-хроника ұйымдастырылды. Ісшараның мақсаты: қазақ жеріндегі тұңғыш мемлекеттің жаулап алушылық соғыс нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру жайлы айтылды.
Ісшара барысында қатысушылар викториналық сүрақтарға жауап беріп, Қазақ хандығы туралы деректі фильм көрді. Оқушылар қазақ халқының басын қосудағы Жәнібек пен Керей сіңірген еңбегін жан-жақты талдап, тарихи деректер келтірді.