31 Наурыз 2015
2015 жылдың 24 наурыз күні қалалық мәдениет бөлімі және орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Әжелер – отбасының алтын қазығы» атты қалалық байқау болып өтті. Байқауға қаламыздағы әр мекемелерден әжелер немерелерімен қатысып, мынадай бөлімдер бойынша бақ сынасты: «Танысып қойыңыздар, бұл менің әжем» немересі әжесін таныстыруы, «Әлди-әлди, ақ бөпем!» қатысыушылар бесік жырын орындауда театрандырылған көрініс қоюы, «Түймедақ» ситуациялық сұрақтарға жауап беру, «Өнерлі саусақтар» өз немерелерімен дайындаған қолөнер заттарын көрсету, «Немерелер үшін» әжелер сұрақтарға жазбаша, немерелер ауызша жауап береді. Дұрыс жауаптары бірдей болуы бағаланады. «Аялаған күнім менің» әжелер немерелерін еркелетіп, аялаған кезде ең нәзік сөздерін есіне түсіріп, айтуы. «Әжемнің тәтті тағамдары» үй тапсырмасы – дайындаған ұлттық тағамдарды қызықты әңгімемен, өлеңмен, тақпақпен және т.б байланыстырып ұсыну. Қазылар алқасының шешімімен барлық әжелер құрметке лайық делініп, бағалы сыйлықтармен және дипломмен бірдей марапатталды.
