31 Наурыз 2015
28 наурызда №1 кітапхана-филиалында бастауыш сыныптарға арналған атақты «Конёк-Горбунок» ертегісінің авторы П.Ершовтың туғанына 200 жыл толуына байланысты «Добрый сказочник Конёк-Горбунок» атты әдеби ойын болып өтті.
Кештің барысында оқушылар ертегі авторының өмірбаянымен танысып, сайыстық программаға қатысты. Оқушылар өздерінің кітапты түсініп оқығандарын дәлелдеді, олар сөздердің кімге тиесілі екенін тез тауып отырды, ертегі арасында ескірген сөздерді өзара талқылады. Кеш соңында «Конёк-Горбунок» мультфильмінің үзіндісін тамашалады.
